15 жасар атыраулық спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

0
413

Чемпионатқа 65 елдің 1 500 спортшысы жиналған.


15 жасар атыраулық спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Атыраулық жасөспірім спортшы Болашақ Сүйекенов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды. Оның жасы – 15-те, деп жазады ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім еткендей, атыраулық жасөспірім спортшы Болашақ Сүйекенов әлем чемпионатының алтын медаліне ие болды.

Бріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында 29 қазаннан бері джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Чемпионатқа 65 елдің 1 500 спортшысы жиналған. Оның ішінде Қазақстанның құрамасы да бар.

«Біз шәкірттерімізді көп уақыт бойы дайындадық. Әлем чемпионытына қатысу үшін күш-жігер, үздіксіз жаттығу, қажырлы еңбек қажет. Қазақстан құрамасында сынға түскен атыраулық спортшы Болашақ Сүйекенов әлем чемпионатында қарсыластарының бәрін ұтып, үмітімізді ақтады. Ол 38 келіде әлем чемпионы атанды. Оның жасы – 15-те. Әлі де ел намсысын қорғайтын спортшыларымыз бар», -дейді бас жаттықтырушы Айбар Есенғалиев.

Қазір бұл додада Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастап тұр. Әлем чемпионаты 8 қарашаға дейін жалғасады.