16 жастағы жігіт ММА-ден облыстық жарыста мерт болды

0
366

Турнир ережесі бойынша кәмелетке толмаған қатысушылардың бәрі бокстың ашық типтегі бас қорғаныштарын кию керек болған.


16 жастағы жігіт ММА-ден облыстық жарыста мерт болды

ERNUR.KZ. Ресейдің Амур облысында өткен ММА-ден жарыста бастан тиген соққыдан 16 жастағы спортшы мерт болды, деп жазады vesti.kz.

Турнир ережесі бойынша кәмелетке толмаған қатысушылардың бәрі бокстың ашық типтегі бас қорғаныштарын кию керек болған. Алайда төреші жасөспірімді ондай қорғансыз қатыстыра берген.

Басына тиген тепкіден жас жігіт есінен танып құлаған, одан кейін жедел жәрдем көлігінде көз жұмыпты.

Енді Ресейдің ММА одағы мен тергеу органдары бұл оқиға бойынша тексеріс бастады.