28 қаңтарда еліміздің футзал құрамасы Италияға қарсы ойнайды

0
564

Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі кездесу Нидерландта өтеді.


28 қаңтарда еліміздің футзал құрамасы Италияға қарсы ойнайды

ERNUR.KZ. Бүгін футзалдан ұлттық құрама Италияға қарсы ойнайды, деп жазады 24.kz.

Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі кездесу Нидерландта өтеді. Жергілікті билік ойынға көрермен кіргізуге рұқсат еткен.

Плей-офф кезеңіне өту үшін осы ойында Италия құрамасына жеңіс керек. Алайда ұлттық құраманы баптайтын Рикардо Кака «біз кез келген жағдайға дайынбыз, жеңісті қолдан бермейміз» деп бекініп отыр.

Айта кету керек, қазір футзалдан ұлттық құрама төрт ұпаймен өз тобында көш бастап тұр.