28 жастағы боксшы жекпе-жектен кейін көз жұмды (видео)

0
729

Бұған дейін 13 жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген Максим Дадашевтің бұл алғашқы жеңілісі.


28 жастағы боксшы жекпе-жектен кейін көз жұмды (видео)

ERNUR.KZ. Ресейлік боксшы Максим Дадашев АҚШ-та өткізген жекпе-жегінде алған жарақатының салдарынан көз жұмды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы боксшының командасы мәлім етті. 28 жастағы спортшының жарақаттан жүрегі шыдас бермеген. Максим Дадашев пуэрторикалық Сабриэл Матиасқа қарсы жекпе-жектен соң есінен талып, дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер боксшының миына қан кеткенін анықтап, оның халі ауыр екенін мәлімдеген болатын.

Бұған дейін 13 жекпе-жегінде қарсыласынан басым болған Максим Дадашев алғашқы жеңілісінен соң көз жұмды.

Еске сала кетейік, бірде-бір рет жеңіліп көрмеген боксшы жекпе-жектен кейін шұғыл ауруханаға жеткізілген. Бірінші жартылай орта салмақта бокстасатын спортшы кездесуді 11-раундта тоқтатуға мәжбүр болған.