400 килограммдық зілтемірді көтермек болған спортшы екі аяғын сындырды – ВИДЕО

0
102

​Спортшы алдағы екі ай бойы ешбір қозғалыссыз жатып, содан кейін жүруді қайта үйренетінін айтады.


400 килограммдық зілтемірді көтермек болған спортшы екі аяғын сындырды – ВИДЕО

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Ресейлік спортшы Александр Седых Мәскеуде өткен Дүниежүзілік пауэрлифтинг федерациясының Еуропа чемпионатында өнер көрсетіп жатып, қос тізесін бірдей жарақаттап алды, деп жазады sputniknews.kz.

Спортшы зілтемірді иығына қойып отырып-тұру тапсырмасын орындау керек болған. Қалақшаларымен қоса есептегенде зілтемірдің салмағы 400 келіні құрады. Бастапқы кезде Седых тепе-теңдікті сақтап, өзіне ыңғайлы кезде сәтті отырды.

Алайда, орнынан тұрып жатқанда, спортшының қос тізесі салмақты көтеруде шыдас бермеді.

Жан дауысы шығып, алға ұмтыла құлаған атлетке дәрігерлер бірден көмекке келді.

Кейіннен ауруханаға жеткізілген спортшыға қос тізесінің буыны тайып, аяқ бұлшық етінің екі тұсы жарылған деп диагноз қойылған.

Алты сағатқа созылған операциядан кейін Седых өзіне тағайындалған емдеу процесі туралы айтты.

"Енді екі ай бойы ешбір қозғалыссыз жатып, содан кейін қайта жүруді үйренетін боламын", – деді ол.

Ауыр атлет мансабын қайта жалғастыра ма, ол жағы әлі белгісіз.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет