5 жасар павлодарлық шахматшы Қазақстан чемпионы атанды

0
827

Шахматтан Павлодар облысының аға бапкері Арман Габдушев бес жасар бүлдіршін мұндай қарқынды өнер көрсетеді деп ойламаған.


5 жасар павлодарлық шахматшы Қазақстан чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Алматыда 18 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан өткен Қазақстан чемпионатында 6 жасқа дейінгі топта павлодарлық Эльсид Эльмурзиев жеңімпаз атанды, деп жазады pavlodarnews.kz.

Шахматтан Павлодар облысының аға бапкері Арман Габдушев бес жасар бүлдіршін мұндай қарқынды өнер көрсетеді деп ойламаған.

"Эльсидтің нәтижесі қатты қуантты, - деді Арман Габдушев. – Бұл жастағы топта көптен бері біздің спортшылар жеңімпаз атанбаған еді. Басында Эльсид көш бастап келе жатып, қатарынан 2 рет жеңіліске ұшырады. Одан кейін өзін қолына алып, 2 ойында ұтып, 1-орынға қол жеткізді. Бұлай ерекше өнер көрсетеді деп күтпеген едік. Сонымен қатар, аталған чемпионатта 8 жасқа дейінгі топта тағы бір павлодарлық Ахмет Сулейман 3-орынды иеленді. - 8 жасқа дейінгі топта 6 жастағылардан қарағанда көп қатысушы болады, - деді аға бапкер.

Сәйкесінше, бәсекелестік жоғары. Сулейманның 3-орын алуы - өте жақсы нәтиже.

Айта кетейік, шахматтан 18 жасқа дейінгі балалар арасындағы Қазақстан чемпионатында жас ерекшеліктеріне қарай 6 топта 872 спортшы бақ сынады. Павлодар облысынан 37 жас шахматшы қатысты.