7 маусым Елеусінов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті

0
1 160

Қазақстандық боксшы Лондондағы (Ұлыбритания) York Hall ойын-сауық кешенінде Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) — Люк Уоткинс (13-0, 9 КО) жекпе-жегі андекардында жекпе-жек өткізді.


7 маусым Елеусінов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (1-0, 1 KO) кәсіби алаңда екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы Лондондағы (Ұлыбритания) York Hall ойын-сауық кешенінде Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) — Люк Уоткинс (13-0, 9 КО) жекпе-жегі андекардында жекпе-жек өткізді. Алты раундтық кездесуде оның қарсыласы венгриялық боксшы Золтан Шабо (24-11, 10 КО) болды. Барлық раундқа созылған кездесуде Данияр төрешілердің шешімі бойынша 65:64 есебімен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусинов 28 сәуірде Нью-Йоркте (АҚШ) өзінің кәсіби дебютін жасаған болатын - үшінші раундта ол америкалық Ноа Киддті (3-1-1, 2 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.