7 жастағы қазақстандық бала шахматтан әлем чемпионы болды

0
1 683

Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясының оқушысы Дінмұхаммед Төлендиев шахматтан әлем семпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


7 жастағы қазақстандық бала шахматтан әлем чемпионы болды
фото: 24.kz

Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясының оқушысы Дінмұхаммед Төлендиев шахматтан әлем семпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ академияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол оқушылар арасында өткен чемпионатта 7 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атанды. 8 турдан тұратын сайыс нәтижесінде Димаш өзінің қарсыластарынан 1,5 ұпаймен алға шығып, турнир кестесіндегі тізімнің басына шықты.

Жеті жастағы Димаш Грузияның халықаралық дәрежедегі гроссмейстері Александр Павлович Кашашвилиден дәріс алады.

Айта кетейік, бұл жеңісті тарихи деп атауға болады. Себебі, бұған дейін аталмыш жас категориясында ұлдар арасында Әлем чемпионы болмаған.