​ӘЧ-2018: Бельгия қола медальға қол жеткізді

0
1 443

Ағылшындар таразы басын теңестіру мақсатында бірнеше шабуылдар ұйымдастырды.


​ӘЧ-2018: Бельгия қола медальға қол жеткізді

ERNUR.KZ. Бірнеше сағат бұрын Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатының 3-орын үшін матч өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ойын Бельгия мен Англия арасында өтті. Қос команда мундиалда бір топтан орын алған, онда бельгиялықтар 1:0 есебімен жеңіске жетіп, топтық кезеңді бірінші орынмен аяқтаған болатын. Бұл жолғы кездесуде тура сол сценарий бойынша өтті десек қателеспеген боламыз. Бельгия футболшылары 4-ші минутта есепті ашты. Гол қорғаушы Тома Менье есіміне жазылды.

Ағылшындар таразы басын теңестіру мақсатында бірнеше шабуылдар ұйымдастырды. Бірақ, оларға гол соғу бақыты бұйырмады. 82-ші минутта Эдин Азар матчқа нүкте қойып Бельгия құрама командасына 2:0 есебіндегі жеңісті сыйлады. Англия құрама командасының футболшылары жартылай финалда Хорватияға есе жібергеннен соң, 3-орын үшін ойын маңызды емес екенін, олар тек чемпион болу үшін алаңға шығып, қосымша уақытта жеңілгенінен көңілдері түскенін білдірген.

Айтулы ойында олардың финалға шыға алмағанынан әлі ренжіп жүргені сезілді. Бірақ, бұл спорт. Бір команда жеңеді, екіншісі жеңіледі. Бельгия құрама командасының 3-орынды иеленгенімен құтықтаймыз.

Финал ойыны 15 шілде күні Франция мен Хорватия арасында өтеді.