ӘЧ - 2018: Германия үйіне қайтты

0
1 132

Швеция құрамасы Мексиканы 3:0 есебіменен тас талқанын шығарып, бірінші орынды иеленді.


ӘЧ - 2018: Германия үйіне қайтты

ERNUR.KZ Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатында 4 жыл алдын бас жүлдені жеңіп алған Германия топтық кезеңнен шыға алмады деп, хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Германия құрама командасы 3-турда Оңтүстік Кореяны жеңу керек болатын. Бірақ, жасыл алаңда барлығы басқаша орын алып, оларға гол соғу бақыты бұйырмады. Азиялықтар соңғы минутта немістердің қақпасына екі гол соғып, топтан шыға алмаса да, үйлеріне Әлем чемпиондарын жеңіп қаһармандардай оралатын болды.
Швеция құрамасы Мексиканы 3:0 есебіменен тас талқанын шығарып, бірінші орынды иеленді.
Демек, 1/8 финалда Бразилия - Мексика, Швеция - Швейцария құрамалары кездесетін болды.