​ӘЧ-2018 ширек финал ойындары «Қазмедианың» LED-экранынан көрсетіледі

0
1 471

Уругвай мен Франция арасында матчты трансляциялау 6 шілде күні сағат 20:00-де басталады.


​ӘЧ-2018 ширек финал ойындары «Қазмедианың» LED-экранынан көрсетіледі

фото: tarazdini.kz

ERNUR.KZ. Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының ширек финал ойындары «Қазмедиа орталығының» LED-экранынан көрсетіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Бірер күн бұрын Астана уақытымен ширек финал ойындарының кестесі жарияланған болатын. Уругвай мен Франция арасында матчты трансляциялау 6 шілде күні сағат 20:00-де басталады.

Одан төрт сағаттан кейін өтетін Бразилия мен Бельгия арасындағы ойынды да тұрғындар LED-экраннан тамашалай алады.

Сонымен қатар, 7 шілде күні сағат 20:00-де Англия мен Швеция, 7-нен 8-не қараған түнгі сағат 00:00-де Хорватия мен Ресей құрама командалары арасындағы ойындарды футбол жанкүйерлері осы экраннан тамашалайтын болады.

Көрсетілім өткізілетін орын: Астана, Қонаев к, 4. «Қазмедиа орталығының» батыс кіре берісі (Нұржол бульвары жағы).

Шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.