​ӘЧ-2018: Жаңа рекорд орнады

0
1 302

2018 жылғы Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Иран мен Португалия арасындағы матчта рекорд жаңарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​ӘЧ-2018: Жаңа рекорд орнады

ERNUR.KZ.2018 жылғы Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Иран мен Португалия арасындағы матчта рекорд жаңарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ sport.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Арбитр Энрике Касерес бейнебақылау жүйесін пайдаланып, Иранның пайдасына 11 метрлік айып добын белгіледі. Бұл – турнирдегі 20-пенальти. Бұған дейін Криштиану Роналду 19-пенальтиді орындай алмаған болатын.

Әлем чемпионаттарының тарихында осынша көп пенальти ешқашан болмаған. Белгіленген пенальтилер бойынша бұған дейін жасалған рекорд – 18. Бұл 1990, 1998 және 2002 жылғы Әлем чемпионаттарында болған. 2018 жылғы Әлем чемпионатында алғаш рет төрешілерге ойындағы даулы мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін бейнебақылау жүйелері іске қосылды.