ӘЧ-2022: Бокстан Қазақ қыздарының жартылай финалдағы қарсыластары белгілі болды

0
458

Жартылай финал 18 мамыр, ал финал 19-20 мамырға жоспарланған.


ӘЧ-2022: Бокстан Қазақ қыздарының жартылай финалдағы қарсыластары белгілі болды

ERNUR.KZ. Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының 5 спортшысы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп жазады olympic.kz.

Бұл күндері Түркияның Ыстамбұл қаласында бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге ел құрамасынан 12 спортшы аттанып, оның бесеуі жартылай финалда жұдырықтасады. Олар:

48 кг: Алуа Балқыбекова - Севда Асенова (Болгария);
52 кг: Жайна Шекербекова - Джутамас Джитпонг (Таиланд);
54 кг: Дина Жоламан - Лакрамиоара Перишоч (Румыния);
57 кг: Карина Ибрагимова - Лин Ю-Тин (Тайпей);
70 кг: Валентина Хальзова - Алсинда Хелена Пангуан (Мозамбик).

Жартылай финал 18 мамыр, ал финал 19-20 мамырға жоспарланған.