Афина марафоны 2020 жылдың соңында өтеді

0
729

7-8 қарашада демалыс күндері өтетін жарысқа ұйымдастырушылар екі күн ішінде 30000 спортшы қатысады деп күтуде.


Афина марафоны 2020 жылдың соңында өтеді

ERNUR.KZ. Афина марафоны мен кейінге шегерілген жартылай марафоны әлеуметтік арақашықтықты сақтай отыра, биыл жоспарланған уақыттан кеш ұйымдастырылады. Марафон 8 қарашада өтеді. Ал өткен жылдың наурыз айында кейінге шегерілген жартылай марафон 50 күн бұрын, яғни 20 қыркүйекrе жоспарланған, деп жазады ҚазАқпарат.

Греция үкіметі коронавирус індетімен күресте оң нәтижеге қол жеткізіп, үкіметі 5000 қатысушыға рұқсат берді. Сондықтан биылғы марафон екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңге 5000, екінші кезеңіне 5000 қатысушыдан жіберіледі. 7-8 қарашада демалыс күндері өтетін жарысқа ұйымдастырушылар екі күн ішінде 30000 спортшы қатысады деп күтуде. Биылғы марафонға әлемнің үздік атақты жүгірушілері шақырылмайды. Сондай-ақ, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында салтанатты іс-шаралары мен гала-кештер ұйымдастырылмайды.

Пандемияның салқыны 2020 жылдың марафондар маусымына да әсер етті. Атап айтсақ әлемдегі ең ірі марафон саналатын Бостон, Нью-Йорк пен Берлиндегі World Marathon Majors кезеңдері де өтпейтін болды. Лондон марафоны 4 қазанға жоспарланған, бірақ оның өтетіні күмәнді.