Айдос Ербосынұлы WBC рейтингінде үш саты төмен түсті

0
662

Ербосынұлы соңғы кездесуін қыркүйек айында өткізіп, гайаналық боксшы Аллен Леннокстан (22-2-1, 14 КО) үстем түскен болатын.


Айдос Ербосынұлы WBC рейтингінде үш саты төмен түсті

ERNUR.KZ. Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингі шықты, деп жазады Vesti.kz.

Жаңа тізімде қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы төмен түскен.

Екінші орта салмақта (76,2 келі) өнер көрсететін Ербосынұлы 12-орыннан 15-сатыға төмендеген.

Бұл салмақтың рейтингінде бірінші орында жеңілмеген америкалық боксшы Дэвид Бенавидес (25-0, 22 КО) тұр.

Айта кетейік, Ербосынұлы соңғы кездесуін қыркүйек айында өткізіп, гайаналық боксшы Аллен Леннокстан (22-2-1, 14 КО) үстем түскен болатын.