Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды

0
962

Әлемдік дода алдағы мамырда Канадада өтуі тиіс еді.


Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды

ERNUR.KZ. Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты болмайды, деп жазады Olympic.kz.

Турнир 6-17 мамыр аралығында Канадада өтуі тиіс болатын.

«Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды. Бізге мұндай шешім қабылдау қиын», - дейді IIHF басшысы Рене Фазель өз сөзінде.

Қоса кетелік, әлем чемпионатын қабылдайтын Жаңа Шотландия провинциясы коронавирус пандемиясына байланысты турнирді өткізуден бас тартқан. Былтыр өтуі тиіс турнир қатарынан екінші рет ұйымдастырылмай отыр.