Академиялық есуден әлем чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды

0
1 455

Академиялық есуден әлем чемпионаты Австрияның Линц қаласында өтеді.


Академиялық есуден әлем чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды

ERNUR.KZ. Академиялық есуден Австрияның Линц қаласында өтетін әлем чемпионатына Қазақстаннан кімдер қатысатыны анықталды. Бас бапкер Владимир Белоногов тоғыз спортшының есімін атады деп жазады Елорда Инфо.

25 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтетін әлемдік додаға төмендегі спортшылар қатысады:

Владислав Яковлев (2000 метр, жекелей сын)

Светлана Германович (2000 метр, жекелей сын)

Михаил Таскин, Анастас Шашков (2000 метр, жұптық сын)

Евгений Тацей, Даниил Савченко (2000 метр, жұптық сын, жеңіл салмақ)

Мария Чернец, Алина Климентьева (2000 метр, жұптық сын, жеңіл салмақ)

Алина Мочула (2000 метр, жекелей сын, жеңіл салмақ)