АҚШ трансгендер боксшыларға әйелдер турниріне қатысуға рұқсат берді

0
232

Ол үшін спортшылар белгілі бір шарттарды орындауы керек.


АҚШ трансгендер боксшыларға әйелдер турниріне қатысуға рұқсат берді

ERNUR.KZ. АҚШ бокс федерациясы 2024 жылдан бастап трансгендерлерге әйелдер турнирлеріне қатысуға рұқсат береді, деп жазады inform.kz.

Ол үшін спортшылар белгілі бір шарттарды орындауы керек, атап айтқанда: жынысын ауыстырғаны жайлы мәлімдеме жасайды, операция жасатады, гормоналды тестілеуден өтеді және оның нәтижесін федерацияға хабарлауға міндеттенеді.

Сондай-ақ, 18 жасқа толмаған боксшылар анасынан туған жынысы бойынша жарысқа қатысады.

«Осылайша қазақстандық боксшы қыздар АҚШ-тағы турнирлерге қатысса (жергілікті федерацияның қолдауымен өтетін жарыстар туралы айтып отырмыз — ред.), олар да қарсылас ретінде еркек болып туған, ал қазіргі жынысы әйел боксшылармен жұдырықтасуы мүмкін» деп атап өтті Sports.kz.