АҚШ Украинаға көмек көрсету бойынша көш бастап тұр

0
837

АҚШ-тың әскери көмегі гуманитарлық көмектен 1,2 миллиард еуроға асып түседі.


АҚШ Украинаға көмек көрсету бойынша көш бастап тұр

ERNUR.KZ. Қақтығыс басталғаннан бері ақпанда АҚШ Украинаның ең ірі одақтасына айналды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ukraine Support Tracker мәліметі бойынша, Киль әлемдік экономика институтының зерттеушілері құрастырған Украинаны мемлекеттік қолдау дерекқорында 24 ақпан мен 27 наурыз аралығында АҚШ Украинаға 7,6 миллиард еуро көлемінде көмек берген. Осылайша, Вашингтон Киевтің ең үлкен одақтасы болды.

АҚШ-тың әскери көмегі гуманитарлық көмектен 1,2 миллиард еуроға асып түседі.

Украинаға көмек көрсету бойынша екінші орында Польша (1 миллиард еуро), үшінші орында Ұлыбритания (0,7 миллиард еуро) тұр.

Алғашқы бестікті Германия (0,5 миллиард еуро) мен Франция (0,4 миллиард еуро) түйіндейді.

ifw-kiel.de

Барлық Еуропалық Одақ елдерінің жалпы үлесі - 2,9 миллиард еуро, оған қоса ЕО институттарынан 1,4 миллиард еуро және Еуропалық инвестициялық банктен 2 миллиард еуро. Ұлыбритания, Канада және Жапония жалпы сомасы 1 миллиард еуро көлемінде көмек көрсетуге уәде берген.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Украина басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескенін, оның барысында Киевке әскери көмектің жаңа пакеті берілетінін айтқан.