"Ақтөбе" - "Қайрат" ойыны Шымкентте өтеді

0
1 318

"Ақтөбе" мен "Қайрат" арасындағы матчты "Қажымұқан" стадионында тамашалайтын болады. Ақтөбе қаласындағы стадион ауа - райына байланысты матчты өткізуге дайын болмағаны үшін команда басшылары "Қажымұқан" стадионында кездесуді өткізу ұсынысын білдірген.


ERNUR.KZ. 31 наурыз күні футболдан Қазақстан премьер лигасының 3 - тур матчтары өтеді. Шымкенттің "Ордабасы" клубы сырт алаңда "Атырау" ұжымына қарсы ойынайды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ал, сол күні шымкенттік футбол жанкүйерлері "Ақтөбе" мен "Қайрат" арасындағы матчты "Қажымұқан" стадионында тамашалайтын болады. Ақтөбе қаласындағы стадион ауа - райына байланысты матчты өткізуге дайын болмағаны үшін команда басшылары "Қажымұқан" стадионында кездесуді өткізу ұсынысын білдірген. Ойын 31 наурыз күні сағат 15:00 де басталады.