Александр Бублик Мадридтегі "Мастерс" турнирінің үшінші кезеңіне шықты

0
335

Қазақстандық теннисші алғашқы сетте 6:1 есебімен жеңілгенімен, екінші және үшінші сетте қарсыласынан басым түсті - 6:2, 6:2.


Александр Бублик Мадридтегі

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Мадридтегі ATP 1000 турнирін сәтті бастады, деп жазады Zakon.kz.



Бублик испаниялық теннисші, әлемнің 29-ракеткасы Роберто Карбалес-Баенамен кездесті.

Қазақстандық теннисші алғашқы сетте 6:1 есебімен жеңілгенімен, екінші және үшінші сетте қарсыласынан басым түсті - 6:2, 6:2.

Бублик енді 1/8 финалға шығу үшін америкалық теннисші, әлемнің 15-ракеткасы Бен Шелтонмен кездеседі.