Александр Бублик жаңартылған АТР рейтингінде үш саты жоғары көтерілді

0
369

Бүгін жаңартылған рейтингте Бублик үш саты жоғары көтеріліп, 41 орынға жайғасқан.


Александр Бублик жаңартылған АТР рейтингінде үш саты жоғары көтерілді

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Александр Бубликтің жаңартылған АТР рейтингіндегі орны белгілі болды, деп жазады vesti.kz.

Бүгін жаңартылған рейтингте Бублик үш саты жоғары көтеріліп, 41 орынға жайғасқан.

Еске салайық, Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі өткен сенбі күні Метца қаласындағы АТР 250 турнирінің финалына шығып, жеңіліп қалған болатын.

Финалда ол италиялық Лоренцо Сонегомен кездесті. Бұл ойын 7:6, 6:2 есебімен аяқталды.