Александр Головин ойнайтын команда анықталды

0
962

Футболшының трансфері үшін ЦСКА 30 миллион еуро алатын болады.


Александр Головин ойнайтын команда анықталды

ERNUR.KZ. Мәскеудің ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Александр Головин карьерасын «Монако»да жалғастыраты болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ресей клубы жас футболшыны Францияның «Монако» клубына стауға шешім шығарған. Себеп, Лига 1 өкілі Головинмен келіссөз жүргізген кезде футболшыға команданың негізгі құрамынан орын беруге уәде еткен. Бұл аяқдопшыға ұнаған. Бірнеше күн бұрын Лондонның «Челси» командасынан түскен ұсынысты қабылдайтын болғандықтан Турнинің «Ювентус» ұжымында ойнаудан бас тартқан болатын.

Александр Головин 26 шілде күні Монте Карлоға жол алып, 5 жылдық келісім шартқа қол қояды. Футболшының трансфері үшін ЦСКА 30 миллион еуро алатын болады.