Әлем чемпионаты: Еркін күрестен Қазақстан медальдар кестесінде үштікке ілікті

0
889

Дүбірлі дода Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатыр.


Әлем чемпионаты: Еркін күрестен Қазақстан медальдар кестесінде үштікке ілікті

ERNUR.KZ. Еркін күрестен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бір алтын, бір қоламен медальдар кестесінде үшінші орынға көтерілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Дүбірлі дода Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатыр. Қазірге дейін ел құрамасы еркін күрестен бір алтын, бір қола медаль алды.
Ел құрамасынан Ризабек Айтмұқан (92 келі) чемпиондық тұғырға көтерілді.

Ал Азамат Дәулетбеков (86 келі) қола жүлдегер атанды.

Қазірге дейін әлем чемпионатында 15 елдің өкілдері еркін күрестен жүлдеге қол жеткізді. Олардың арасында АҚШ 6 (3 алтын, 1 күміс, 2 қола) жүлдемен көш бастап тұрса, ирандықтар 4 (1-2-1) екінші орынға жайғасқан. Үздік үштікті 2 (1-0-1) медальмен Қазақстан мен Сербия түйіндеп тұр.

Медальдар кестесінің жалпы көрсеткіші төмендегіше:
1. АҚШ - 6 (3-1-2)
2. Иран - 4 (1-2-1)
3. Қазақстан - 2 (1-0-1)
3. Сербия - 2 (1-0-1)
5. Грузия - 3 (0-2-1)
6. Жапония -2 (0-1-1)
7. Әзербайжан -1 (0-1-0)
8. Армения - 2 (0-0-2)
8. Түркия - 2 (0-0-2)
10. Албания - 1 (0-0-1)
10. Болгария - 1 (0-0-1)
10. Қырғызстан - 1 (0-0-1)
10. Сан-Марино - 1 (0-0-1)
10. Украина - 1 (0-0-1)