Әлем чемпионаты: Жәмилә Бақбергенова қола жүлдегер атанды

0
777

Қазақстандық балуан 3-орын үшін польшалық Наталия Стрзалькамен шеберлік байқасты.


Әлем чемпионаты: Жәмилә Бақбергенова қола жүлдегер атанды

ERNUR.KZ. Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Жәмилә Бақбергенова (72 келі) қола жүлдегер атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстандық балуан 3-орын үшін польшалық Наталия Стрзалькамен шеберлік байқасты. Нәтижесінде қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, Жамила Бақбергеновв 2021 және 2022 жылдары әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді. Сондай-ақ үш мәрте Азия чемпионатында топ жарды.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Ризабек Айтмұқан еркін күрестен әлем чемпионы атанған болатын.

Ал Азамат Дәулетбеков (86 келі) әлем біріншілігінде қола медаль алды.