Әлем чемпионатына қанша билет сатылғаны айтылды

0
467

Әлем чемпионаты кезінде әр қонақ үйге түнеп шығу бағасы адам басына 80 доллар болады.


Әлем чемпионатына қанша билет сатылғаны айтылды

ERNUR.KZ. 2022 жылғы Катарда өтетін әлем біріншілігінде қанша билет сатылғаны айтылды, деп жазады vesti.kz.

Ұйымдастырушылар таратқан ақпарат бойынша, қазіргі уақытта үш миллионға жуық билет сатылған.

"Әлем чемпионатының басталуына бір ай уақыт қалғанда 2,89 миллион билет сатылды. Билеттің басым бөлігін Сауд Арабия, БАӘ, Ұлыбритания, Мексика, Бразилия, Аргентина және Германия елінің жанкүйерлері алған", - деп жазады ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар жанкүйерлерді орналастыру үшін тұрғын үй мен қонақ үйлерден тағы қосымша 30 мың орын бөлінетін болды. Әлем чемпионаты кезінде әр қонақ үйге түнеп шығу бағасы адам басына 80 доллар болады.