Әлем чемпионатында еркін күрестен екі қола бұйырды

0
473

Қазақстан бұл жолғы әлем чемпионатын еркін күрестен 1 күміс және 2 қола жүлдемен қорытындылады.


Әлем чемпионатында еркін күрестен екі қола бұйырды

ERNUR.KZ. Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық бауандар еркін күрестен екі қола медаль алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Әлем чемпионатында Нұрдәулет Сейілбеков (71 келі) пен Самир Дурсунов (92 келі) үздік үштіктен көрінді.

Қола жүлде үшін болған белдесуде екеуі де үнді балуандарынан басым түсті.

Айта кетсек, бұдан бұрын еркін күрестен Едіге Қасымбек (110 келі) күміс медаль еншіледі.

Бұл жолғы әлем чемпионатын еркін күрестен 1 күміс және 2 қола жүлдемен қорытындылады. Грек-рим және әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы жүлдеге іліге алмады.

Еске салсақ, қазақстандық дзюдошы Қанат Нұркелді халықаралық жарыста күміс жүлдегері атанды.