Әлем чемпионымен жекпе-жек: Жәнібек Әлімханұлына ұсыныс түсті

0
461

Карлос Адамес әлеуметтік желіде Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке бірнеше рет шақырды.


Әлем чемпионымен жекпе-жек: Жәнібек Әлімханұлына ұсыныс түсті

ERNUR.KZ. LDUBB Boxing YouTube бокс арнасының авторы Буг Уильямс әлеуметтік желіде WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) үндеу жасады, деп жазады inform.kz.

Уильямс Boxingscene.com порталында Әлімханұлының WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» белбеу иегері, Доминикан Республикасының спортшысы Карлос Адаместі (23-1, 18 КО) сынға алғаны туралы баяндалған жарияланымға жауап берді.

«Ақпан айындағы жекпе-жекке дайындал», - деп жазды Уильямс X әлеуметтік желіде.

Ол осы арқылы Әлімханұлына Адамеспен 2024 жылдың қысында болатын жекпе-жекті меңзеді.

Айта кетейік, Карлос Адамес әлеуметтік желіде Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке бірнеше рет шақырды, алайда қазақстандық спортшы өзі толыққанды әлем чемпионы болмағандықтан, доминикандықпен жұдырықтасуға құлшыныс танытпай отыр.