Әлемдік спорт рейтингінде Қазақстан 3 саты төмен сырғыды

0
524

Рейтинг 115 спорт түрі бойынша халықаралық жарыстардағы нәтижені назарға алады.


Әлемдік спорт рейтингінде Қазақстан 3 саты төмен сырғыды

ERNUR.KZ. Халықаралық жарыстарды негізге ала отырып түзілетін Worldsportranking рейтингі жаңарды. Қазақстан 2022 жылдың қорытындысы бойынша 3 саты төмен сырғып, 45-орынға жайғасқан, деп жазады vesti.kz.

Рейтинг 115 спорт түрі бойынша халықаралық жарыстардағы нәтижені назарға алады. Осы арқылы 206 елдің рейтингі түзіп шығады.

Өткен жылғы рейтингте Қазақстан құрамасы 42-орында болатын. 2022 жылғы халықаралық турнирлер нәтижесінде 45-орынға төмендеген.

Алғашқы ондыққа АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Аустралия, Испания, Жапония, Бразилия, Италия, Қытай және Аргентина құрамалары енген.