Әлемдік жағажай ойындарында Қазақстан спортшылары Норвегияны жеңді

0
1 102

9 мамырда Испанияның Салоу қаласында Әлемдік жағажай ойындарының іріктеу турнирі басталған.


Әлемдік жағажай ойындарында Қазақстан спортшылары Норвегияны жеңді

ERNUR.KZ. Испанияда өтіп жатқан Әлемдік жағажай ойындарында (World Beach Games) Қазақстан спортшылары Норвегия командасын жеңді, деп жазады azattyq.org.

"Әлемдік жағажай ойындарында Қазақстан командасы бірінші жеңісіне қол жеткізді. Ойынның үшінші күні Қазақстан командасы жағажай футболдан Норвегия командасын жеңді. Ойын 5:1 есебімен аяқталды" делінген ұлттық олимпиада комитетінің сайтында жексенбі, 12 мамыр күні жарияланған хабарламада.

Бұған дейін Қазақстан командасы жағажай футболдан Португалия және Германиядан жеңіліп қалған.

9 мамырда Испанияның Салоу қаласында Әлемдік жағажай ойындарының іріктеу турнирі басталған.