Әлемнің үздік велошабандоздары Испанияға жиналды

0
2 207

«Вуэльта Каталония» жарысының жалпы қорытындысы 29 наурызда белгілі болады.


Әлемнің үздік велошабандоздары Испанияға жиналды

ERNUR.KZ. Мұнда бірнеше күннен бері «Вуэльта Каталония» жарысы өтіп жатыр. 4-кезең қорытындысы бойынша «Астана» спортшылары үздіктер қатарына іліге алмады, деп жазады 24.kz.

Ең тәуір көрсеткіш Оскар Родригесте. Ол мәре сызығын жиырма алтыншы болып кесті. Артынша 27-ші болып тағы бір «астаналық» Луис Леон Санчес жетті. Кезең жеңімпазы колумбиялық Эстебан Чавес атанды.

Жалпы есепте британиялық Адам Йейтс көш бастап келеді. Қазақстандық клуб мүшелерінен Оскар Родригес 25, Луис Леон Санчес 31, ал Мерхави Кудус 56-сатыларда. Алда әлі 3 кезең бар.

«Вуэльта Каталония» жарысының жалпы қорытындысы 29 наурызда белгілі болады.