Әлемнің жеті дүркін чемпионы атанған ақтаулық спортшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

0
573

Сертификат спортшының қолына 19 қыркүйекте тиіпті.


Әлемнің жеті дүркін чемпионы атанған ақтаулық спортшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

ERNUR.KZ. Ақтаудан шыққан жеті дүркін әлем чемпионы Ильдар Ягяев Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Әлемнің жеті дүркін чемпионы, ақтаулық Ильдар Ягяев жаңа әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Спортшы беліне қосымша 40 фунт салмақ қоса отырып, екі қолмен тіреу арқылы белтемірде 10 рет тартылған», - деп жазады Lada.kz басылымы.

Рекордты бекітуге үш ай уақыт кеткен. Сертификат спортшының қолына 19 қыркүйекте тиіпті.

«Мен стрит-воркаут пен стритлифтинг Қазақстанда ресми спорт ретінде танылғанын қалаймын. Сондай-ақ қаржы болса, еліміздің туын әлемдік алаңдарда жиі көтерер едік», - дейді Маңғыстау облысының стрит-воркаут және стритлифтинг федерациясының президенті Ильдар Ягяев.