​Алғаш рет 11 жыл ішінде «Эль Классико» Роналду мен Мессисіз өтетін болды

0
973

2007 жылы 23 желтоқсан күні өткен «Эль Классикода» Лионель Месси жарақатына байланысты алаңға шықпаған болатын.


28 қазан күні Испания чемпионатының 9 – турында «Барселона» өз алаңында «Реал» клубын қабылдайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Айтулы матчта алғаш рет 11 жылдың ішінде Лионель Месси мен Криштиану Роналду алаңға шықпайды. Естеріңізге сала кетсек, Роналду биыл «Реал» құрамынан Италияның «Ювентус» командасына ауысқан болатын. Ал, Месси өткен аптада «Севильяға» қарсы ойында қолын сындырып алғаны үшін, «Эль Классикода» «Барселонаға» көмек көрсете алмайды. 2007 жылы 23 желтоқсан күні өткен «Эль Классикода» Лионель Месси жарақатына байланысты алаңға шықпаған болатын. Ал, Роналду сол кезде Англияның «Манчестер Юнайтед» командасында доп тебетін. Кездесуде «Реал» қарсыласын 1:0 есебімен жеңген болатын.