Әли Ахмедов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

0
706

Ол Монтебеллода (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешінде мексикалық Пол Валенсуэлаға қарсы жекпе-жекке шықты.


Әли Ахмедов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

ERNUR.KZ. Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Vesti.kz.

Ол Монтебеллода (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешінде мексикалық Пол Валенсуэлаға қарсы жекпе-жекке шықты.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын, бірақ біріншісінде аяқталды. Бірнеше соққыдан кейін Ахмедов қарсыласын нокаутпен түсірді.

Қазақстандықтың бұл 18-ші жеңісі, оның 14-ін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал Валенсуэла 11-ші рет жеңілді, десе де оның қанжығасында 26 жеңіс бар.

Еске салайық, Ахмедовпен IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясы айналысады.