Әлімханұлы әлем чемпионымен жекпе-жекке шыға алмайды

0
478

Жәнібек WBO ұйымының "уақытша" чемпионы атағын жеңіп алғаннан кейін, Әлімханұлы - Чарло айқасы жанкүйерлердің тамашалағысы келетін жекпе-жектер тізіміне кірген еді.


Әлімханұлы әлем чемпионымен жекпе-жекке шыға алмайды

ERNUR.KZ. Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) орта салмақта WBC чемпионы Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО) жекпе-жекке шыға алмайды, деп жазады Vesti.kz.

Жәнібек WBO ұйымының "уақытша" чемпионы атағын жеңіп алғаннан кейін, Әлімханұлы - Чарло айқасы жанкүйерлердің тамашалағысы келетін жекпе-жектер тізіміне кірген еді.

Алайда спорт журналисі Квинтон Д. Лилли қазақстандықтың неге Чарломен жұдырықтаса алмайтынын түсіндірді.

"Джермалл мен Жәнібектің жекпе-жегі ешқашан өтпейді. Боб Арум мен Эл Хэймон оларды бір-біріне қарсы қоймайды", - дейді автор.

Қазақстандық боксшының өзге қарсыласы болуы мүмкін чемпион - WBO тиулына ие Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) екені айтылуда.