Алматыда мәнерлеп сырғанаудан чемпионат басталады

0
687

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҚР чемпионаты көрермендерсіз өтеді.


Алматыда мәнерлеп сырғанаудан чемпионат басталады

ERNUR.KZ. Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп жазады baq.kz.

Ел біріншілгі Алматыда қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында 14-19 желтоқсан күндері өтеді. Жарысқа 14 жастан жоғары ересектер мен жас мөлшері 10-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, жастар қатысады. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҚР чемпионаты көрермендерсіз өтеді.

Сондай-ақ, залдарға спортшыларға ілесіп келген жақын адамдар жіберілмейді. Әрбір спортшыда коронавирусқа ПТР-тесті туралы анықтама (мерзімі 72 сағаттан аспаған) болуы тиіс.

Жарыс бағдарламасы:

14-15 желтоқсан - жаттығу

16 желтоқсан - жаттығу, жеребе

17 желтоқсан - жаттығу, жарыс

18 желтоқсан - жаттығу, жарыс, марапаттау