Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

0
608

Ширек финалда отандасымыз Үндістан елінің өкілі Нитуға қарсы жұдырықтасты.


Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасының боксшысы Алуа Балқыбекова Түркияда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz.

Ширек финалда отандасымыз Үндістан елінің өкілі Нитуға қарсы жұдырықтасты. 48 келіге дейінгі салмақта болған бұл жекпе-жекте Балқыбекова 3:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Осылайша отандасымыз кем дегенде әлем біріншілігің қола жүлдесін еншіледі.

Енді Балқыбекова жартылай финалда Болгарияның намысын қорғайтын 37 жастағы Севда Асеноваға қарсы кездесу өткізеді.

Айта кетейіік, Ыстамбулдағы әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері 18 мамырға жоспарланған. Ал финалдық жекпе-жектен 19-20 мамырда болады.