Алуа Балқыбекова әйелдер арасында бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

0
507

48 келіде шаршы алаңға шыққан ол әлем біріншілігінің финалында түркиялық Айсе Чигирырға жол берді.


Алуа Балқыбекова әйелдер арасында бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. Алуа Балқыбекова әйелдер арасында бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп жазады olympic.kz.

48 келіде шаршы алаңға шыққан ол әлем біріншілігінің финалында түркиялық Айсе Чигирырға жол берді. Төрешілер шешімімен екеуара кездесу Алуаның қарсыласының еншісіне шешілді.

Осылайша Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатын бір күміс және төрт қола жүлдемен аяқтады. Атап айтқанда, қола жүлдені Жайна Шекербекова (52 кг), Дина Жоламан (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг) және Валентина Хальзова (70 кг) жеңіп алған болатын.