​Альварес Головкиннің жеңісін мойындады

0
1 096

GGG алғаш рет жеңіліп отыр.


​Альварес Головкиннің жеңісін мойындады

ERNUR.KZ. Жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы колумбиялық Элейдер Альварес (24-0, 12 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) арасындағы қарымтаға қатысты әсерімен бөлісті, деп жазады vesti.kz.

Боксшылардың WBC, WBA (Super) және IBO белбеуі үшін екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен болатын. 12 раундқа созылған қарымтада төрешілер шешімімен "Канело" жеңіске жетті. Ал қазақстандық боксшы үшін бұл алғашқы жеңіліс болды.

"Бұл жолы "Канело" жақсы жұдырықтасты, өйткені үнемі алға жүрді. Алайда Головкин ауыр соққылар көбірек жасады, міне кімді жеңімпаз деп мойындаймын. Дегенмен бокста мұндай жағдайлар боп тұрады", - деп келтіреді Альварестің сөзін BoxingScene.com.