Анастасия Лаврова үстел теннисінен Германия Бундеслигасына қосылды

0
607

Йеналық «SV Schott» клубында Анастасия Лавровамен қатар, Эдже Харак (Түркия), Майя Кунац (Беларусь), Карлин ван Лиероп (Нидерланд) ойнайды.


Анастасия Лаврова үстел теннисінен Германия Бундеслигасына қосылды

ERNUR.KZ. Қазақстандық спортшы Анастасия Лаврова үстел теннисінен «SV Schott» (Йена) сапында Германия Бундеслигасының ІІ лигасына қосылды, деп жазады Olympic.kz.

Йеналық «SV Schott» клубында Анастасия Лавровамен қатар, Эдже Харак (Түркия), Майя Кунац (Беларусь), Карлин ван Лиероп (Нидерланд) ойнайды.

Олар Бундеслига аясында төрт ойын өткізіп, оның үшеуінде, атап айтқанда Германия чемпионатының жеңімпазы «TuS Uentrop» (Хамм, турнир кестесінде І орында), «TTK» (Анрёхте, ІІ орын), «DJK BW» (Виттен, ІІІ орын) клубтарынан жеңіліп, «TTC» (Лангвейд, V орын) клубынан басым түсті.