Анна Данилина US Open турнирінің финалына жолдама алды

0
779

Соңғы бәсеке 9 қыркүйекке белгіленген.


Анна Данилина US Open турнирінің финалына жолдама алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық Анна Данилина аралас жұпта АҚШ ашық чемпионатының финалына шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Теннис федерациясының мәліметінше, теннисші финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жартылай финалда жапониялық Ена Шибахара – хорватиялық Мате Павичпен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-финляндиялық жұп сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта 7:6 (7:2), 6:4 есебімен басым түсті.

Данилина – Хелиоваара финалда америкалықтар Джессика Пегула – Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салады. Соңғы бәсеке 9 қыркүйекке белгіленген.