Аңызға айналған Майк Тайсон жеке бокс лигасын ашады

0
437

55 жастағы Тайсон 2005 жылы Кевин Макбрайдтан алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңілгеннен кейін карьерасын аяқтаған.


Аңызға айналған Майк Тайсон жеке бокс лигасын ашады

ERNUR.KZ. Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Майк Тайсон тек блогерлер ғана жұдырықтасатын бокс лигасын ашқысы келетінін мәлімдеді, деп жазады vesti.kz.

55 жастағы Тайсон 2005 жылы Кевин Макбрайдтан алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңілгеннен кейін карьерасын аяқтаған. Ал соңғы рет Рой Джонспен 2020 жылы жұдырықтасты.

"YouTube-те бокс лигасын ашамын да, барлық блогерді сонда шақырамын. Сол жерде бір-бірімен айқасады. Мен де сонда өнер көрсететін шығармын. Мен тіпті YouTube чемпионы болатын сияқтымын", - дейді Тайсон.