Аралас жекпе-жек: Нұрберген Шәріпов ресейлік спортшыны жеңді

0
682

Жерлесіміз осымен оныншы жеңісіне қол жеткізді.


Аралас жекпе-жек: Нұрберген Шәріпов ресейлік спортшыны жеңді

ERNUR.KZ. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері (ММА) Нұрберген Шәріпов (9-2) Мәскеуде өтіп жатқан ACA 111 турнирінде жеңіске жетті, деп жазады ҚазАқпарат.

61 келі салмақта Шәріпов Владикавказдан келген Тамерлан Кулаевтан (11-1) айласын асырды.

Жерлесіміз осымен оныншы жеңісіне қол жеткізіп отыр және екі жеңілісі бар.

Кулаев болса екінші рет жеңіліп отыр, оған дейін 11 жекпе-жекті өз пайдасына шешкен болатын.