"Астана" Еуропа лигасында андорралық клубты жеңе алмады

0
745

Қарымта матч 1 тамызда Нұр-Сұлтанда өтеді.


ERNUR.KZ. "Астана" футболшылары Еуропа лигасының бірінші матчында андорралық "Санта-Коломамен" тең түсті, - деп жазады Тengrinews.kz.

Екінші іріктеу кезеңінің матчы Андорра-ла-Вельядағы "Комуналь" стадионында өткен. Ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Бірінші таймда "Астана" фаворит болғанына қарамастан алаң иелерінің қақпасына қауіп төндіре алмады. Үзілістен кейін елордалықтар есеп ашуға тырысқанымен, "Санта-Колома" 0:0 есебін сақтап қалды.

Енді қарымта матч 1 тамызда Нұр-Сұлтанда өтеді - "Астана Аренадағы" ойын 20:00-де басталады. Бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі "Валлетта" (Мальта) - "Ференцварош" (Венгрия) матчында жеңіліп қалған командамен кездеседі.