"Астана" капитаны өз жанкүйерін ұрып тастады (видео)

0
1 028

Жанкүйер жігіт ақтық мәреге санаулы шақырым қалған сәтте жолға жүгіріп шыққан.


ERNUR.KZ. Велошабандоз Мигель Анхель Лопес жарыс кезінде тас жолға жүгіріп шыққан жанкүйерін соққыға жықты, деп жазады kaz.nur.kz.

Италияда өтіп жатқан веложарыс кезеңдерінің бірінде жанкүйер жігіт ақтық мәреге санаулы шақырым қалған сәтте жолға жүгіріп шығып, Лопеске кедергі келтірген.

Жанкүйерінің кесірінен "Астана" командасының капитаны құлап, басқа отандық спортшыдан қалып қойды.

Уақытын жоғалтып алған велошабандоз 18 болып келді. Ол өзінің командаласынан бір минут 49 секундке қалып қойған.