«Астана» командасы чемпиондар лигасындағы кезекті жеңісіне жетті

0
950

Үзілістен соң "Мидтьюланд" командасы таразы басын теңестіріп кетті.


«Астана» командасы чемпиондар лигасындағы кезекті жеңісіне жетті

фото:vesti.kz

ERNUR.KZ.Футболдан Еуропа чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде "Астана" Данияның "Мидтьюланд" командасымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Aстана Арена» стадионында өткен ойынның басынан астаналықтар шабуыл ұйымдастырып, жылдам гол соғу əрекетінде болды. Бірақ, қонақтар қорғаныста мықты ойын көрсетіп, қарымта шабуылмен есепті ашуға тырысқан болатын.

Ойынның 31 - минутында елордалықтар есепті ашып, алға шықты. Венгриялық Кляйнхайслердің алыстан бағыттаған добы даниялықтар қақпасынан табылды.

Үзілістен соң "Мидтьюланд" командасы таразы басын теңестіріп кетті. Гол авторы Уикхайм болды. Бірақ, 90+4' - минутта Кляйнхайслер дубль авторы атанып, Қазақстан командасына 2:1 есебіндегі жеңісті алып келді.

Айта кетейік, қарымта ойын бір аптадан соң Данияда өтетін болады.