"Астана" командасы қарыздарына байланысты ресми мәлімдеме жасады

0
580

Осы аптада "Астана" командасының 8 қазанға дейін 2016 жыл мен 2020 жылдар аралығындағы барлық қарыздарын өтемесе, келер жылы еурокубок ойындарынан шеттетілетіні туралы ақпарат шықты.


ERNUR.KZ. Елордалық "Астана" командасы өзінің ресми сайтында клубтың қарылық жағдайына байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады vesti.kz.

Еске салайық, осы аптада "Астана" командасының 8 қазанға дейін 2016 жыл мен 2020 жылдар аралығындағы барлық қарыздарын өтемесе, келер жылы еурокубок ойындарынан шеттетілетіні туралы ақпарат шықты. Сондай-ақ командаға трансферге тыйым жасалған туралы да мәлімет шыққан еді.

""Астана" футбол клубының басшылығы "Туризм индустриясы мен спортты қолдау қорымен" бірлесіп қазіргі уақытта қаржылық берешектерді жою бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Клуб осы мәселені шешуге ниетті, оның мәртебесі бүгінгі таңда ең басым мәселелердің бірі болып табылады. "Астана" ФК қажетті қаражат клубқа уақытылы түсетінін және басшылық жағдайдың қаржылық мониторингін жүргізетінін мәлімдейді.

Команда ішкі чемпионатта және халықаралық аренада өз өнерлерін жалғастырады. Баспасөз қызметі клубтың ресми сайтындағы әрі қарайғы ақпаратты қадағалауды сұрайды", - делінген клуб таратқан ақпаратта.