«Астана» «Манчестер Юнайтедпен» ойнайтын құрамын жариялады

0
779

Матчты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.


«Астана» «Манчестер Юнайтедпен» ойнайтын құрамын жариялады

ERNUR.KZ. «Астана» футболшылары Англия сапарына аттанды. Олар 19 қыркүйек, бейсенбі түнінде Еуропа лигасы топтық кезеңінің бірінші турында «Манчестер Юнайтедпен» ойнайды, деп жазады ҚазАқпарат.

Елордалық ұжым Манчестерге мына құраммен барды:

Қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов;

Қорғаушылар: Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Лука Шимунович, Евгений Постников, Жарко Томашевич, Дмитрий Шомко;

Жартылай қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Рунар Мар Сигурьонссон, Иван Маевский, Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Марин Томасов, Дорин Ротариу, Дидар Жалмұқан;

Шабуылшылар: Сергей Хижниченко, Рангело Янга, Роман Мұртазаев және Фирмин Мубеле.

Матчты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.