"Астана" өз алаңында жеңіліп қалды

0
1 187

Қазақстанның "Астана" клубы Еуропа лигасының 1/16 финалдағы алғашқы кездесуін өткізді. Елордалық команда өз алаңында Португалияның "Спортингіне" 1:3 есебімен есе жіберді.


фото: Footboom.kz

Қазақстанның "Астана" клубы Еуропа лигасының 1/16 финалдағы алғашқы кездесуін өткізді. Елордалық команда өз алаңында Португалияның "Спортингіне" 1:3 есебімен есе жіберді. Бірінші таймның басында дәл айтар болсақ, 7-минутта Марин Томасов есепті ашқан болатын. Үзілістен соң ойын барысы қонақтардың пайдасына өзгеріп кетті. 48-минутта Бруно Фернандеш пенальтиден таразы басын теңестіріп кетті. 50-минутта Жилсон Мартинш, 55-минутта Сейду Думбия атын таблоға жаздырып, "Спортинг" клубының жеңісіне үлес қосты. Қарымта матчы 22 ақпан күні Лиссабон қаласында өтеді.