Атақты футболшы хоккейге ауысты

0
1 309

Мұз айдынға атақты қақпашы 13 қазанда алғаш рет шығады.


Атақты футболшы хоккейге ауысты

ERNUR.KZ. Англияның Челси және Арсенал футбол клубтарының бұрынғы қақпашысы Петр Чех Ұлыбритания чемпионатының екінші дивизионында ойнайтын "Гилдфорд Финикс" хоккей клубымен келісімшартқа отырды, деп жазады zakon.kz.

Мұз айдынға қақпашы 13 қазанда алғаш рет шығады. "Гилфорд Финикс" оның өздерімен келісімшартқа отырмастан бұрын мұз айдында тыңғылықты дайындалғанын айтады. Чех маусымның қалған бөлігін "Гилфорд" құрамында өткізбек.

"Фениксте өнер көрсететініме қуаныштымын. Мен жас командаға осы маусымда көздеген өз мақсаттарына жетуге көмектесе аламын деп сенемін. 20 жыл кәсіби футболда болған, кішкентай кезімнен тамашалап, сүйіп көрген бұл ойын түрі мен үшін тың дүние, жаңа керемет тәжірибе болады" - деп Чехтың сөзін келтірген клубтың ресми сайты.

Чех өзінің футболдағы мансабының көп бөлігін "Челсиде" өткізді. Ол мұнда 2004 жылдан бастап 2015 жылға дейін ойнады және 15 кубокқа ие болды, оның ішінде Премьер-Лиганың төрт жеңісі және Чемпиондар Лигасының бір жеңісі бар. 2019 жылдың көктемінде ол өз мансабымен қоштасатынын жариялады.